М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында (Малайсары көшесі 2) 2022 жылдың 16 наурызында сағат 14.00-де «Жаманбалинов оқулары» қалалық байқауының финалдық туры өтеді. Байқаудың мақсаты - оқушылар арасында М. К. Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттау, шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу және ана тілі мен әдебиетін білуге баулу.
Қалалық оқуларға жалпы білім беретін мектептердің 1 - 4 сынып оқушылары, мектепішілік көркем оқулардың жеңімпазы (бір қатысушы) қатыса алады.
Байқау үш кезеңнен тұрады - «Табиғат сабағы» - қатысушылар ақынның табиғат, жыл мезгілдері, жануарлар немесе құстар туралы өлеңін оқиды, «Ертегілер елінде» - оқушылар ақынның бір өлеңінің немесе ертегілерінің желісі бойынша шағын көрініс дайындауы керек, «Балалар жүрегі бар ақын» - қатысушылар М. Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап береді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі