Джиу-джитсудан қола жүлдегер
Қазақстанның джиу-джитсудан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әлжановтың басшылығымен 12 адамнан тұратын Павлодар облысының құрамасы бүкіл Қазақстанның ең мықты файтерлерімен бәсекелестікке төтеп беруге мәжбүр болды. Қарсыластардың арасында тек комбат дзю-дзюцу бойынша ғана емес, сонымен қатар жекпе-жектің әртүрлі түрлері бойынша әлемдік және континенттік біріншіліктердің чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Жарысқа қатысушылар 2022 жылғы әлем және Азия чемпионаттарында ел намысын қорғау құқығы үшін үш сала бойынша күресті: full-contact - толық байланыс, close-contact - жақын күрес, self-defence - өзін-өзі қорғау.
Павлодарлық спортшылар лайықты өнер көрсетті - олардың есебінде әр түрлі үлгідегі 16 марапат бар. Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сағынбай Айқын екі «қоланы» жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша 6 павлодарлықтар ағымдағы жылдың тамыз айында Өзбекстанның Бұхара қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына енді, оның ішінде Сағынбай Айқын бар.
- Мен өз нәтижеме ризамын, бұл менің 18 жастан асқан санатқа алғашқы қатысуым, - дейді Айқын.