ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары кітап оқудан жарысты
11-03-2022 21:22
М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары кітап оқудан жарысты

«Оқитын ұлт - оқитын мектеп» республикалық жобасы аясында Павлодар қаласының М. Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары кітап оқудан жарысты. Мәнерлеп оқу байқауына қатысу үшін Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы таңдалды.

- Оқушыларға қысқы демалыс кезінде кітап оқу тапсырмасы берілді. Бірақ «қаңтар оқиғасына» байланысты демалыс ұзартылды. Кейінірек, басқа мектеп іс-шараларымен балалар кітапты екі айға дейін оқыды. Ақпан айының соңында бірінші кезең басталды, - деді мектеп директорының орынбасары Оразбек Бақытжан.

Кітап оқыған оқушылар үш кезеңде жарысты. 300-ге жуық оқушы бірінші кезеңде оқыған шығармасы бойынша эссе жазуға қатысты. Екінші турда 150-ге жуық оқушы тест тапсыруға қатысты. Финалдық кезеңде 20 оқушы шығарманың мазмұнын айтты.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені 6 сынып оқушысы Дмитриев Матвей жеңіп алып, велосипед иегері атанды. Финалдық турдың барлық қатысушылары алғыс хаттармен, байқау жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында «Оқитын ұлт - оқитын мектеп» республикалық жобасы аясында 1 - 11 сынып оқушыларын оқуға ұсынылатын көркем әдебиеттер тізімі орналастырылған.

Ұсынылған кітаптарды оқығаннан кейін оқушыларға мектеп (наурыз) және қалалық (сәуір) байқауларға қатысуға мүмкіндік беріледі.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.