Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Орфографиялық хатты түзету бойынша жұмыс дәптерін әзірлеу
14-03-2022 13:38
Орфографиялық хатты түзету бойынша жұмыс дәптерін әзірлеу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасында онлайн режимде «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың дизорфографиясын түзету бойынша «Жас сауатнама» жұмыс дәптерін әзірлеу» семинарын өткізді. Мақсаты - әдістемелік құрал шығаруға дайындық. Семинарға № 5, 6, 9 (2), 14, 15 (9), 16, 24, 25, 26, 33, 34, 39 (2), 40, Қ. Мақпалеев, Қ. Бекхожин, Б. Момышұлы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 29 логопедтері қатысты.

Семинар-практикумда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Саменқызы «Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2022» тақырыбында қалалық байқауға құрал дайындау, инклюзивті білім беру бойынша І республикалық конференцияға қатысу үшін ереженің талаптары туралы сөз сөйледі. Қалалық шығармашылық топтың жетекшісі логопед Пшенко Юлия Анатольевна, № 26 ЖОМ педагог-зерттеушісі, логопед әдістемелік құрал шығару бойынша шығармашылық топтың құрамымен таныстырды, материалдарды дайындау мазмұны бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.

№ 15 ЖОМ логопед-мұғалімдері «Жас сауатнама» жұмыс дәптерін таныстырды, ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарында оны пайдалану бойынша нұсқаулық берді, жұмыс дәптерінің мазмұны және тәжірибеде қолдану бойынша сұрақтарға жауап берді. Амаркулова Әлия Дәулетханқызы бастауыш мектеп жасындағы балалардың дизорфография диагностикасы туралы айтып берді, Туртулова Айжан Қайыржанқызы «Жас сауатнама» жұмыс дәптерін пайдалану арқылы дизорфографияны түзету» тақырыбындағы өз жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Семинар қатысушылары дизорфографияны түзету, орфографиялық қырағылықты арттыру және өзара әрекеттесуді, логикалық ойлауды, есте сақтауды дамыту бойынша түрлі жаттығулармен танысты. Қатысушылардың шешімі бойынша практик-мұғалімдердің практикалық жұмыс тәжірибесі «Инклюзивті білім беруді және инклюзивті практиканы дамыту жолдары» атты бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференцияға ұсынылатын болады.

Қалалық логопедтердің шығармашылық тобының бірыңғай арнайы құралын шығару ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім сапасын жақсарту бойынша жұмыста логопедиялық көмек көрсетуге арналған.