Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық бишілер Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
15-03-2022 08:59
Павлодарлық бишілер Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Нұрұлтан қаласында спорттық-бал билерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Елордалық бишілерден басқа жарысқа Алматы, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Рудный, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларының спортшылары қатысты.

Павлодар облысының намысын Б.Момышұлы атындағы ЖОМ оқушылары Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахым қорғады. Бишілер «Ювеналы - 2» жас тобының «Е» сыныбының 15 жұбы арасында I орын алды.

- Жарыс қызықты өтті, - дейді Нұрасыл Қанат. - Біз қолымыздан келгеннің бәрін көрсетуге тырыстық. Бұған дейін біз көп жаттығатынбыз.

Нұрасыл Қанат пен Інжу Рахымның жұбы табысты өнер көрсетуде мол тәжірибеге ие. Сонымен қатар, жұп басқа түрлер бойынша жүлделі орындарға ие болды. Нұрасыл мен Інжу бес жасынан бастап «Классик» спорт клубында бимен айналысады. Содан бері жұп көптеген ұлттық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері болды. Өткен жылы Павлодардан келген бишілер облыстың ашық чемпионаты мен VOSTOK OPEN - 2021 турнирінің басты жүлдесін жеңіп алды.