ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Достық туралы мектеп жасына дейінгі балалардың көркем шығармашылығы
16-03-2022 08:25
Достық туралы мектеп жасына дейінгі балалардың көркем шығармашылығы

2022 жылғы 1 ақпан - 11 наурыз аралығында Қазақстандағы балалар жылына арналған «Мен әлемді суреттеймін» атты облыстық балалар сурет байқауына Павлодар, Ақсу қалалары, Тереңкөл, Баянауыл, Павлодар, Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарының 76 балабақшасы мен шағын-орталықтарынан 500-ге жуық тәрбиеленуші қатысты. Байқау «Достық - ғажайыптардың кереметі» тақырыбында өтті.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші, кескіндемеші Өсербай Аманжолұлы Шурановтың төрағалық етуімен қазылар алқасы 4, 5, 6 жас аралығындағы қатысушылар арасында 9 жүлделі орынды - І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреаттарды, 2 номинантты анықтады, 20 бала ерекше жұмыстары үшін, оның ішінде Павлодар қаласы балабақшаларының 25 тәрбиеленушісі марапатталды.

Павлодар қаласы балабақшаларының тәрбиеленушілері «Достық күші» суреті үшін 4 жастағы (№ 24) Рублева Эвелина, «Құстар - біздің достарымыз» суреті үшін 5 жастағы (№ 43) Ералы Нұржанов, «Менің достарым» суреті үшін 6 жастағы (№ 3) Ирада Әскер І дәрежелі лауреат атанды.

Павлодар қаласы балабақшаларының тәрбиеленушілері «Доссыз – ешқайда» суреті үшін Кононенко Екатерина, 4 жаста (№ 84), «Менің досым» суреті үшін Нұрғалиева Айлин, 5 жаста (№ 79), «Достық» суреті үшін  Жанаспаева Дария, 6 жаста (№ 32) ІІ дәрежелі лауреат атанды.

Павлодар қаласы балабақшаларының тәрбиеленушілері «Бірінші дос» суреті үшін Рустам Гизитдинов, 4 жаста (№ 82), «Достар» суреті үшін Кирилл Коршунов, 5 жаста (№ 104), «Менің қозым - менің досым» суреті үшін Дарина Маханова, 6 жаста (№ 4) ІІІ дәрежелі лауреаттар атанды..

Павлодар қаласы балабақшаларының тәрбиешілері «Достық» суреті үшін «Арнайы сыйлық» номинациясында Клюшкина Виктория, 3 жаста (№ 31), «Біздің достығымыз берік» суреті үшін Шихназарова Алина, 3 жаста (№ 51) марапатталды.

Павлодар қаласы балабақшаларының тәрбиеленушілері Мұрат Айя (№ 32), Ворошилова Виктория (№ 96), Пятин Богдан (№ 24), Байтемір Салима (№ 44), Лебедева Злата (№ 84), Мұстафин Мансұр (№ 57), Жанай Айнис (№ 96), Мақашева Томирис (№ 50), Рудица Элиза (№ 96), Мұқанова Аяжан (№ 120), Григориади Таисия (№ 96), Какенова Нарғыз (№ 126), Лопоха Марк (№ 102), Айтыбаева Халида (№ 57) ынталандыру сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды.

Лауреаттардың, номинанттар мен дипломанттардың осы үздік жұмыстары Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде «Мен әлемді суреттеймін» атты көрмеде ұсынылды, бұл көрме наурыз айының соңына дейін жалғасады.