Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2022 жылғы 1 ақпан - 11 наурыз аралығында Қазақстандағы балалар жылына арналған «Мен әлемді суреттеймін» атты облыстық балалар сурет байқауына Павлодар, Ақсу қалалары, Тереңкөл, Баянауыл, Павлодар, Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарының 76 балабақша
17-03-2022 08:04
2022 жылғы 1 ақпан - 11 наурыз аралығында Қазақстандағы балалар жылына арналған «Мен әлемді суреттеймін» атты облыстық балалар сурет байқауына Павлодар, Ақсу қалалары, Тереңкөл, Баянауыл, Павлодар, Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарының 76 балабақша

2022 жылдың 16 наурызында Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г. Ш. Шиндлярскаяның ұйымдастыруымен қала мектептеріне арналған «Сандық білім беру ресурсы-заманауи мектеп көмекшісі» атты онлайн семинар өтті.

Семинар барысында № 25 жалпы орта білім мектебі ұжымының мұғалімдері авторлық сандық білім беру ресурстары және оны пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Атап айтсақ, мектеп басшысының инновациялық істер бойынша орынбасары Р. Амангелдіқызы мектептің жаңа даму жоспарының мақсат-міндеттері, ғылыми-әдістемелік тұжырымдамасы және 5 жылға арналған нәтижелік индикаторларымен таныстырып өтті. Сандық білім беру ресурстары қорын жинау негізгі бағыттардың бірі екендігі атап айтылып, маңыздылығы көрсетілді. Мектеп басшысының ақпараттандыру бойынша орынбасары Н. К. Нұрпейісова мектеп сайты жұмысы мен мектептің сандық білім ресурстары қорының жиналу барысын таныстырды.

Информатика пәні мұғалімдері А. С. Шакирова,  М. К. Нұржан,  физика пәні мұғалімі Т. А. Асқар, музыка пәні мұғалімі Н. К. Асылбекова және ағылшын тілі пәні мұғалімі И. А. Бейсекеева өздерінің және әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің күнделікті сабаққа қолданатын сандық білім беру ресурстарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.    

Қала мектептерінің мұғалімдеріне Quizizz, Google, World wall, Learning apps интернет-платформаларында жасалған авторлық тапсырмалар, Easy Quizzy тестілік бағдарламасы, Lumio платформасында 1-сынып оқушыларына арналған «Сандық сауаттылық» пәні бойынша тестілер жинағы, Plickers платформасын пайдалану қағидаттары, «Фабула күйлер сыр шертеді» электронды оқу құралы, «Physics around us» электронды оқулығы, «Қазақ хандары» веб-сайты, үштілді оқытуға көмек ретінде информатика бағдарламасы ұсынылды. Семинар заманауи мектепте цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша тәжірибе алмасу үшін тиімді алаңға айналды.