ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кәсібилік, шығармашылық, жетістік
17-03-2022 08:06
Кәсібилік, шығармашылық, жетістік

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 2 ақпаны мен 10 наурызы аралығында өткізген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі  - 2022» қалалық байқауының қорытындысын шығарды. Осы кезеңде байқауда балабақшалардың 21 педагогі педагогикалық технологияларды пайдалану дағдыларын, балалардың назарын өздеріне қалай аудару  керек екендігін меңгеруді көрсетті, өз жұмысының жүйесін негіздеді, іске асырылған жобаның негізгі идеясын және алынған нәтижелерді көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша I орын № 33 балабақшаның логопеді Әбілдинова Сәния Сатыбайқызына берілді. Денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін мұғалім ұлттық спорттық ойындарды қолдана отырып, жаңа материалды игеруге итермелейтін жағдайларды, әдістер мен тәсілдерді табады.

II орын иегері № 27 сәбилер балабақшасы - даму отралығының тәрбиешісі - Каяфа Раушан Асқарқызы. Педагог интерактивті интеллект-карталарды пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-сөйлеу дамуын жандандыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

III орынды № 8 сәбилер бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Бейсембаева Мадина Дүйсембекқызы иеленді. Дыбыстарды түзету және балалардың сөйлеуін жан-жақты дамыту үшін мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, «Ұлулар» электронды оқу-әдістемелік құралын жасады.

Байқау лауреаттары болып № 33 сәбилер балабақшасының тәрбиешісі Мұхтарова Алтын Аманкелдіқызы, № 45 сәбилер балабақшасының музыкалық жетекшісі Медведева Надежда Владимировна танылды. Балалар ұжымын шебер меңгереді, инновациялық әдістер мен технологияларды пайдаланады.