Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептерінің үздік дене шынықтыру мұғалімдері
17-03-2022 08:32
Қала мектептерінің үздік дене шынықтыру мұғалімдері

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 15 - 16 наурыз аралығында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2022» қалалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - педагогикалық жұмыс тәжірибесін тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ынталандыру және қолдау.

№ 2, 5, 14, 15, 18, 19, 21, 23, 24, 29, 33, 36, 39, Қ. Мақпалеев атындағы жалпы білім беретін 14 мектептен 14 дене шынықтыру мұғалімі, еңбек өтілі 0 - 3 жыл - 2 адам, 4 - 10 жыл - 7, 11 - 29 жас - 5 адам қатысты.

Байқау шарты бойынша 1-ші кезеңде «Жаңашыл-педагог» қатысушылар Pitch-презентацияны өткізді, 2-ші кезеңде бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені № 36 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Комкина Анна Владимировна иеленді.

І орынды № 5 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ризагүл Қайраққызыа Мұқанова, ІІ орынды №15 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Руфат Мейрамғалиұлы Дүйсекенов, ІІІ орынды № 29 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ирина Викторовна Кривушкина, № 39 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Виктория Владимировна Сушина иеленді.

«Ізденімпаз» номинациясы Бейсекин Дияз Ертышұлына, № 18 мектептің дене шынықтыру мұғалімі, «Ұстаз-тәлімгер» номинациясы Александров Дмитрий Анатольевичке, № 14 мектептің дене шынықтыру мұғалімі, Оспанов Ақылжан Надырұлы, № 19 мектептің дене шынықтыру мұғаліміне берілді. «Шабыт» номинациясы Сыздықов Еркебұлан Асқарұлы № 33 мектептің жас дене шынықтыру мұғаліміне берілді.

Байқау жеңімпаздары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталды.