Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қалалық математикалық турнир
17-03-2022 16:16
Қалалық математикалық турнир

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 16 наурызда өңірлік математикалық турнирдің қалалық іріктеу кезеңін өткізілді. Турнирдің мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау, математикадан олимпиадалық резерв құру болып табылады.

Турнирдің іріктеу кезеңіне қаланың 35 жалпы білім беретін мектептерінен 7 - 8 сыныптардан 66 оқушы қатысты. Жас математиктер әр түрлі деңгейдегі логика мен стандартты емес ойлау тапсырмаларын орындады.

Турнир қорытындысы бойынша қалалық команда резервіне - № 2, 7, 9, 11, 16, 17, 21, 25, 28, 29, 34, 37, 38, 39, 43, Жетекші мектептерінен қазақ тілінде оқитын 1 команда  және орыс тілінде оқитын 2 команда 18 оқушы кірді.

Квотаға сәйкес аймақтық турнирге орыс тілінде оқитын оқушылардың 1 командасы және қазақ тілінде оқитын оқушылардың 1 командасы қатысуы тиіс.

Командаларды құру және олардың қатысушыларын анықтау мақсатында наурыз айында жаттығу жиындары өткізіледі.