Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында бару
18-03-2022 13:47
Ынтымақтастық туралы меморандум аясында бару

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылдың 18 наурызында Май ауданынан келген қонақтарды қарсы алды. Құрамында аудандық білім беру бөлімінің басшысы, мамандары, жалпы білім беретін мектеп директорлары бар делегация қала мектептерінің оқу-материалдық базасымен танысу мақсатында келді.

Делегация өкілдері «Заманауи мектеп» жобасы аясында соңғы жылдары күрделі жөндеуден өткен № 7, 34 мектептермен, М.Әлімбаев атындағы жаңа мектеппен және қаланың үздіктерінің бірі болып табылатын № 16 лицей-мектебімен танысты. Бұл жаңа буын мектептерінде Павлодар облысының «Болашақ мамандықтар атласы» SMART-тақтасының, Е-Кітапхана жүйесі бар мектеп кітапханасының ақпараттық-білім беру аймағының жұмысы, мектеп педагогтерінің жұмысы мен демалысы үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған Тичер офисінің жұмысы көрсетілді.

STEM, домбыра, биология, психолог, химия кабинеттері толығымен қайта жабдықталды. Асханаға барған кезде тамақтану мониторингі, тамақтану сапасын бағалау жүйесі жұмысы көрсетілген. Спорттық аймақ, үлкен және кіші спорт залдары, қазақ күресіне арналған залдар ұсынылды. №7 мектепте суретке түсіру, бейнематериалдар жасау үшін «7 студия» кабинеті бар. «Ұлы дала мұрасы» тарих кабинетінде тарихи оқиғалардың хронологиясы бойынша ақпаратты қалай алуға болатынын көрсетті, мектеп кітапханасында «Оқитын мектеп» жобасымен танысты.

Сапар барысында Май ауданы білім беру мекемелерінің ресми өкілдері Павлодар мектептерінде енгізіліп жатқан инновациялық жобаларға өздерінің жоғары қызығушылығын білдірді.