Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мубарак Жаманбалинов шығармашылығының білгірлері
24-03-2022 10:14
Мубарак Жаманбалинов шығармашылығының білгірлері

2022 жылдың 16 наурызында М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасында Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Жаманбалинов оқулары» қалалық байқауының финалдық кезеңі өтті. Мақсаты - классикалық көркем әдебиетті оқитын оқушыларды қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқау шарты бойынша оқудың финалдық турына мектепішілік оқудың қорытындысы бойынша бір қатысушыны ұсынды. Оқушылар байқауда «Табиғат сабағы» тақырыбына - ақынның табиғат, жыл мезгілдері, жануарлар немесе құстар туралы өлеңін жатқа оқу, «Ертегілер елінде» - ақынның бір өлеңі немесе ертегісі желісі бойынша сахналау, «Балалар жүрегі бар ақын» - М. Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығын білу мәселелері бойынша өз білімдерін көрсетті.

Байқауға 1 - 4 сыныптың 31 оқушысы қатысып, жүлделі орындарға ие болып, 12 оқушы номинант атанды.

Оқу қорытындысы бойынша бас жүлдені № 21 ЖОМ 2 сынып оқушысы Исбулатова Саида иеленді. I орынды № 17 ЖОМ 3 сынып оқушысы Совет Ертөре, II орынды Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 2 сынып оқушысы Серік Кәусар, III орынды № 1, 24, Кенжекөл ЖОМ оқушылары иеленді.

«Жеңіске деген ұмтылысы үшін» номинациясы № 25 ЖОМ 3 сынып оқушысы Әмірханова Әмира, «Көрермендер көзайымы» номинациясы № 19 ЖОМ 3 сынып оқушысы Ақан Айару, «Көркем оқу шебері» номинациясы № 14 ЖОМ 2 сынып оқушысы Жоламан Нұрсұлтан, «Сахналық шеберлік» номинациясы Жетекші ЖОМ 3 сынып оқушысы Еркебек Алуа, «Үздік білім»  Б. Момышұлы атындағы ЖОМ 3 сынып оқушысы Серік Аңсарға берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом   және бағалы сыйлықтармен, номинанттар Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен марапатталды.