Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге дайындық жұмыс
28-03-2022 08:34
Оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге дайындық жұмыс

2022 жылдың 25 наурызында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша 4 сынып оқушыларының білім жетістіктерін мониторингілеуге дайындық жұмысы шеңберінде «ББЖМ дайындық жұмысын ұйымдастыру» семинар-практикумы өткізілді. Семинарға 60-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар-практикумның мақсаты бастауыш сынып педагогтеріне ББЖМ дайындыққа әдістемелік көмек көрсету.

Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолпан Шаханқызы Қайырғазина оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі. № 5 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдері Чупрова Светлана Александровна, Шаланова Гүлжан Нығматоллақызы, Гильц Елена Михайловна, Горбачева Елена Владимировна семинарға қатысушылармен оқушыларды ББЖМ-ға дайындау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, жаратылыстану пәндерінен спецификацияға сәйкес тапсырмаларды дайындау, математикалық сауаттылықты бағалау үшін тест тапсырмаларын құрастыру мәселелері талқыланды. № 41 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Лаврикова Наталья Геннадьевна бастауыш сынып оқушыларын сырттай бағалауға қойылатын жаңа талаптармен таныстырды. Семинар материалдары мен оқу құралдары қалалық мектептерге жіберілді.