kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2288112
Бір айда253655
Бір аптада110434
Кеше2462
Тәулік2042
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу туралы
28-03-2022 15:15

30 наурыз күні сағат 10.00-де Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасында «Инклюзивті білім беру мен инклюзивті практиканы дамыту жолдары» атты I республикалық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді. Пленарлық бөлімге Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар қалалары мен Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 300 басшысы, мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріқатысады. Конференцияның мақсаты инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, проблемаларды шешу жолдарын іздеу үшін диалог алаңын құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары үшін шебер-сағатнегізінде практикалық тәжірибе алмасу болып табылады.

9 секцияға республика өңірлерінен, облыстан және Павлодар қаласынан 1100-ден астам педагог қатысады. Конференция жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының қызметкерлері, арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің әдіскерлері, педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, Қарағанды, Қостанай, Көкшетов, Семей, Павлодар және Павлодар облыстарының мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты.

Конференцияда «Инклюзивті білім беру: мектепке дейінгі ұйымдардағы мәселелермен оларды шешу жолдары», «Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында инклюзивті білім беруді іске асыру»,«Инклюзивті білім беру аясында пәндерді оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдері», «Ерекше білім берудіқажетететінбалаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»бағыттары бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде инклюзивті білім беру және инклюзивті практиканы дамытуға, инклюзивті білім беру кеңістігінде оқыту мен тәрбиелеуге байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелер қаралады.

Конференцияға мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер басшыларының, басшылар орынбасарларының, мектепке дейінгі мекемелер педагогтерінің, педагог-психологтердің, логопед-мұғалімдердің, әлеуметтік педагогтердің, сынып жетекшілерінің инклюзивті білім беру бойынша 200-ден астам мақаласы жарияланды.Аталған конференцияның өзектілігін республика өңірлеріндегі, облыстағы әріптестердің инклюзивті практикадағы белсенділігі мен ұсынылған тәжірибесінрастайды, педагогтердің 43%-ы конференция секцияларында сөз сөйлейді.

Инклюзивті білім беру бойынша бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы шығарылады, үздік баяндамалардың, жобалардың, бағдарламалардың авторларына «Үздік баяндама»дипломдары, қатысушыларға сертификаттар беріледі. Конференция жинағы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында орналастырылады.

 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі