ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас өлкетанушылар туған өлке туралы білімдерін көрсетті
06-04-2022 08:24
Жас өлкетанушылар туған өлке туралы білімдерін көрсетті

Туған өлкенің жас білгірлерінің «Өз жеріңді таны» қалалық турнирі 2022 жылдың 28 наурызы мен 1 сәуір аралығында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында өтті. Мақсаты - патриоттық және мәдени тәрбиеге, туған өлкенің тарихын білуге және зерттеуге, ата-бабалар мен өскелең ұрпақтың рөлін ұғынуға бағытталған құндылықтар мен идеяларды қалыптастыру. Турнирге № 28, 39, 40, 7, 14, 21, № 9 гимназия-мектебі, Қ. Мақпалеев атындағы мектептердің 3 - 4 сыныптарының, орталықтың балалар бірлестігі тәрбиеленушілерінің 75 оқушысы қатысты.

Турнир шарты бойынша оқушылар біздің өлкеміздің табиғи ерекшеліктерін білуге арналған «Крестик-нолики» турына қатысты. Турнирдегі командалар жануарлардың іздерін зерттеу кезінде нағыз із кесушілер болды. Дәрілік өсімдіктерді жақсы білу оқушыларға «Емші өсімдіктер» кезеңді тамаша жеңуге көмектесті. «Павлодар облысының танымал адамдары» кезеңінде өз үлестерімен туған өлкесін даңқтаған адамдар білімдерін көрсетті. Командалар сонымен қатар өздерінің «Визит карточкасын» ұсынды.

Барлық турлардың қорытындысы бойынша I орынды № 28 (2) ЖОМ, № 9 гимназия-мектебі, II орынды № 9 гимназия-мектебі, № 39, 14, 40, 39 мектептердің командалары, III орынды № 7, 21, 40, 21, 34, Қ. Мақпалеев атындағы, экология және туризм орталығының командалары иеленді.