ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық фестивальдің кішкентай лауреаттары
08-04-2022 09:22
Қалалық фестивальдің кішкентай лауреаттары

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  мектепке дейінгі балалар шығармашылығының «Бүлдіршін» ХХІІ қалалық фестивалінің қорытындысы  шығарылды. Фестиваль 2022 жылғы 1 - 7 сәуірде онлайн форматта өтті. Мақсаты - эстетикалық тәрбие беру, дарынды балаларды қолдау, балалардың көркем өнерпаздығын дамыту. № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 14, 18, 20, 21, 23, 25, 27, 28, 30, 31, 32, 33, 37, 38, 41, 42, 43, 44, 45, 48, 49, 51, 54, 79, 82, 84, 86, 93, 96, 102, 104, 111, 112, 115, 117, 120, 122, 126, жетекші шағын орталығының  3 - 6 жастағы 510 тәрбиеленушісі 47 балабақшадан қатысты.

Фестиваль жыл сайын мектеп жасына дейінгі балаларды жинайды және ең талантты балаларды анықтайды. Тіпті байқаудың өзгертілген форматы балаларға өздерінің ең жақсы шығармашылық қасиеттерін көрсетуге кедергі келтірмеді.   Онлайн  формат белгілі бір дәрежеде балалардың аз толқуына ықпал етті. Фестиваль қатысушылары «Вокал», «Балалар оркестрі», «Хореография», «Көркем сөз» жанрларында өнер көрсетті. 17 балабақшаның 20 тәрбиеленушісі лауреат атанды.

Вокалдық жанрда балабақша тәрбиеленушілері «Зацвіла в долині червона калина» (№ 3 балалар бақшасы), «Господа  гусары» (№ 23), «Модница» (№ 31), «Ата мен әже» (№ 33), «Дочки и сыночки» (№ 51), «Клоундар» (№ 82), «Үш кит» (№ 96) әндерін орындағаны үшін лауреат  атанды.

Хореографиялық жанрда «Боялған өрнектер» (№ 38), «Озорной  оркестр» (№ 42), «Менімен ұш!» (№ 51), «Асатаяқ» (№ 93), «Человечки сундучные» (№ 96), «Назқоңыр» (№ 120)  лауреат  атанды.

«Көркем сөз» жанрындағы   лауреаттар «Шегіртке мен құмырсқа» (№ 2 балабақша), «Муха-Цокотуха» (№ 41), «Қарға мен түлкі» (№ 43), «Телефон» (№ 49), «Жұртыма» (№ 96) балабақшалары  өлеңдерін мәнерлеп оқығаны үшін жоғары ұпай  алды.

«Весенняя капель» (№ 126), № 32 балабақшаның «Clap-clap Banda Caliente», композицияларымен балалар оркестрлері аспаптық жанрда лауреат атанды.

Барлық лауреаттар 2022 жылдың 26 сәуірінде «Бүлдіршін» фестивалінің облыстық кезеңіне қатысады.