ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық түлектер грант алды
11-04-2022 12:45
Павлодарлық түлектер грант алды

Павлодар педагогикалық университетінде 2022 жылғы 7 сәуірде 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9 - 11 сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық турының нәтижелері бойынша ректордың гранттарын тапсыру рәсімі өтті. Мерекеге пәндік олимпиаданың 10 жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ осы оқушыларды дайындаған мұғалімдер шақырылды. Осылайша, жергілікті жоғары оқу орындарының басшылары облыстың дарынды балаларының әлеуетін іске асыруға елеулі үлес қосуда.

        Биылғы оқу жылында Павлодар педагогикалық университеті ректоры грантының иегерлері мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептердің білім беру бағдарламасы бойынша «Шетел тілі» инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптың  № 39 ЖОМ 11 сынып оқушысы Вакулина Диана (орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Асаинова Сауле Имановна), «Қазақ тілі мен әдебиеті» Павлодар қаласының  № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Сыздыкова Динара (мұғалімі Бегайдарова Галия Каербаевна).

      Мұғалімдер адал еңбегі мен кәсіби қызметінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» аймақтық оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.