ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робототехника бойынша Junior Skills - 2022 чемпионаты
12-04-2022 11:07
Робототехника бойынша Junior Skills - 2022 чемпионаты

Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында JuniorSkills - 2022 чемпионаты өтті. Жарыс «Мобильді робототехника» және «Компьютерлік ойындарды 3D үлгілеу» құзыреттіліктері бойынша өтті. Мақсаты - WorldSkills әдістемесі бойынша оқушылармен ерте кәсіби бағдарлау моделін және кәсіби даярлау негіздерін жасау. Чемпионатқа № 31, 35, 21, 22, 24, 14, 43, 39 жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша I орынды 9 сынып оқушылары № 35 мектеп командасы Әбен Еділ және Естайұлы Ади, II орынды 9 сынып оқушылары № 21 мектеп командасы Амангелді Мирхат және Смирнов Кирилл, III орынды 9 сынып оқушылары № 31 мектеп командасы Серікбек Нұрғанат және Искаков Арман иеленді.

«Компьютерлік ойындарды 3D үлгілеу» құзыреттілігі бойынша I орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ мектебінің 9 сынып оқушысы Мейрам Уалихан, II орынды - Тастенов Мақсұт (№ 43 ЖОМ), Каирболат Аян (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ), 9 сынып оқушылары, III орынды - Абдрашитов Максим (№ 24 ЖОМ), Бирюков Владислав (№ 14 ЖОМ), Фоменко Андрей (№ 39 ЖОМ) 9 сынып оқушылары иеленді. Барлық қатысушыларға Қазтұтынуодағы колледжінің медальдары мен дипломдары, естелік сыйлықтары табыс етілді.