ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркем гимнастикадан халықаралық ашық турнирдің жүлдегері
13-04-2022 09:29
Көркем гимнастикадан халықаралық ашық турнирдің жүлдегері

Павлодар қаласы инновациялық үлгідегі № 34 ЖОМ 2 сынып оқушысы Гюнтер Кира көркем гимнастикадан халықаралық ашық турнирге қатысты. Ұйымдастырушы - Нұр-Сұлтан қаласының «Жемчужина» көркем гимнастика спорт клубы болып табылады.

Турнир қорытындысы бойынша Кира 2014 жылы туған гимнасттар арасында II орын алды. Ол ерте жастан бастап өте белсенді бала болды. Ата-анасы оны 3 жасында гимнастика мектебіне берді. Бірақ сол кездін өзінде қыз бала мінезін көрсетіп, ата-анасының таңдауына наразылық білдірді. Оған би ұнайтын. Ол спорттық билерге қуана-қуана қатыса бастады. Кира 5 жасқа толғанда, ол көркем гимнастикаға қызығушылық танытты. Мұнда ол ата-анасының пікірімен оңай келісіп, «Элит» көркем гимнастика мектебінде гимнастикамен айналыса бастады.

Өзінің еңбекқорлығы мен мақсаткерлігінің арқасында жарыстарға қатысып, түрлі деңгейдегі турнирлерде жүлделі орындарға ие бола бастады. Тек 2021 жылы ол Алматы қаласындағы көркем гимнастика мектебінің «Дostyg» халықаралық турнирінде IV орын, жеке бағдарлама бойынша Павлодар қаласындағы «Элит» көркем гимнастика бойынша ашық мектепішілік чемпионатында, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Alem-Shining Stars» ашық халықаралық чемпионатында 2014 жылы туған гимнасттар арасында, Алматы қаласындағы «Элит» көркем гимнастика мектебінің «Wintercup» республикалық ашық турнирінде I орынды алды.

- Бұл бала өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Оны үлкен спорттық болашақ күтіп тұр. Оған өзіне деген талапшылдығы, жеңіске деген ұмтылысы көмектеседі. Кира спортты және мектептегі оқуды жақсы үйлестіретінін атап өткім келеді, - дейді оның жаттықтырушысы Жанатова Альбина Қазбекқызы.