Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Музыкалық мектеп ансамбльдерінің шеруі
15-04-2022 09:12
Музыкалық мектеп ансамбльдерінің шеруі

2022 жылдың 13 сәуірінде Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінде «Ансамбльдер шеруі» аспаптық ұжымдарының фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары оқушылардың ата-аналары болды.

Фестивальге «Серпін» фольклорлық ансамблі, саксофонистер, скрипкашылар, «Өрлеу» қазақ аспаптары ансамбльдері, «Шашу» этно - фольклорлық ансамблі, қасықтыр, гитаристер, флейта ансамбльдері, үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің аспаптық ансамблі, түрлі деңгейдегі 9 аспаптық ұжым қатысты. Сахнада мектеп түлектер, мектеп оқушылары мен жаңадан келген музыканттардың сахнаға алғашқы қадамдарын жасап жатқанын көруге болады.

Фестивальге қатысушылар композиторлар Қазанғаптың, Қ. Ахмедияровтың, Ш. Қорғанбектің, Абайдың, Е. Брусиловскийдің, С. Рахманиновтың, А. Бельдинскийдің, Р. Глушковтың, Ф. Уоллердің, Э. Градэскидің, П. Умилианидің, Р. Штитцельдің музыкалық шығармалары шырқалды.

- Ансамбльде орындау-бұл бірге ойнай білу ғана емес, бірге жасай білу. Осындай фестивальдерді өткізу мектептің дәстүріне айналады, - дейді басшының орынбасары Қайшанов Нұрлан Бақытұлы.