Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 2022 жылы 15 сәуірде К. Бітібаева атындағы қазақ тілі және әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Іс-шараға мемлекеттік тілде оқитын облыстық мамандандырылған және орта жалпы білім беру мектептерінің 9 - 11 сынып оқушыларының 44 оқушысы қатысты.
Олимпиада жазбаша эссе, ауызша - қазақ тілін,қазақ әдебиеті шығармаларын, К. О. Бітібаева өмірбаянын, оның ғылыми мұралары мен еңбек баспаларын білу.
Олимпиада қорытындысы бойынша 21 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, сонымен қатар І орындыПавлодар қаласының № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дюсембаева Томирис, ІІІ орынды- Павлодар қаласының № 2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Акишпаева Аделя иеленді.
Әділ қазы шешімі бойынша Өскемен қаласында 2022 жылы мамырда республикалық олимпиадаға облыстық кезеңде І және ІІ орын алған оқушылар қатысады.