2022 жылдың 17 сәуірінде «QARAGANDY OPEN CUP – 2022» аясында Қарағанды қаласының С.Сапиев атындағы боксты дамыту орталығында спорттық-бальныйбилерінен республикалық фестиваль өтті. Фестиваль жас мөлшері мен би түрлеріне бөлінетін санаттар бойынша байқаубағдарлама түрінде өткізілді. 5 - 18 жас аралығындағы 760-тан астам бала, Қазақстанның 17 қаласының жастары, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Эмеральд», «Дос клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. Фестиваль ұйымдастырушылары Дүниежүзілік би кеңесі, халықаралық әртістік би Федерациясы, Қазақстандағы ұлттық би кеңесі, Қарағанды қаласының «J&J DANCE» би студиясы болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері 5 жүлделі орынға ие болып, 4 алтын және күміс медальді алды.
I орынды «Ювеналы 1» санаты бойынша Н-3 сынып - бидегі элементтер жиынтығы үшін «Дос» клубының тәрбиеленушілері Шишова Евгения, № 30 ЖОМ 3 сынып оқушысы және Тагбергенова Сара, Абай атындағы лицей-мектептің 3 сынып оқушысы алды. Сара мен Евгения клубта 3 жыл жұмыс істейді, халықаралық турнирлердің бірнеше жеңімпазы.
I орынды «Ювеналы 2» санаты бойынша Н 3 сыныбы үшін «Дос» клубының тәрбиеленушілері №17 ЖОМ 5 сынып оқушысы Жанпейсова Самира және №29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Жакупова Алуа иеленді.Самира мен Алуа екі жыл бойы спорттық-бальный билерімен айналысады, халықаралық турнирлердің екі дүркін жеңімпаздары.
II орынды «Ювеналы 1» санаты бойынша Н 2 сыныбы үшін № 21 ЖОМ 3 сынып оқушысы, «Эмеральд» клубының тәрбиеленушісі Лейбак Семен иеленді.
Тәрбиеленушілерді қосымша білім беру педагогі, WDC халықаралық санаттағы төрешісі Павел Павлович Шевчук дайындады.