Нәтижеге бағытталған жаңа білім беру үлгісі және сапаны жалпы басқару технологиясын қызмет барысына енгізу мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымдарының ролін өзгертеді.
Директорлар мен олардың орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері сапалы білім беру үрдісінің менеджерлері болып табылады. №39 мектепте әдістемелік кабинет жас директордың орынбасарлары үшін семинар өткізді.
Өткізілген семинарда ғылыми-әдістемелік, оқу, тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарларының функционалдық міндеттері және нормативті-құқытық база қаралды
Білім берудің құрылымы және оны құралмен қамтамасыз ету, басқару мен ұйымдастыру жүйесі бойынша мектеп директорлары орынбасарларының жұмысына әдістемелік нұсқау берілді.
Жаңа бастап жатқан директордың орынбасарларымен сұраныстарын анықтау мақсатында диагностикалық анкета өткізілді.
№39 мектебінің директордың орынбасары Е.Л.Тюменцева 2011-2012 оқу жылында тәжірибелі директор орынбасарларының практикалық көмек көрсетуге арналған бағдарламаны ұсынды. Директордың жас орынбасарлары аталған мектеп ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіреді.
Семинар жұмысына № 4, 6, 9,16, 25, 27, 29, 39, УВК-42 директорларының орынбасарлары қатысты.