kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2165393
Бір айда143134
Бір аптада33243
Кеше5967
Тәулік256
Павлодарлық оқушылардың кіші отан туралы шығармашылық қызметі
13-05-2022 10:10
Павлодарлық оқушылардың кіші отан туралы шығармашылық қызметі

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту  орталығымен «Менің кіші Отаным» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты - оқушылардың оқудағы, шығармашылық қызметтегі жетістіктерін қолдау, отансүйгіштікке, өзінің кіші Отаны үшін мақтанышқа тәрбиелеу. Байқауға № 19, 21, 23, 25, 29, 33, 34, 37, № 20 лицей-мектебі, К. Мақпалеев атындағы жалпы білім беретін мектептерден 10 команда құрамында 8 - 11 сыныптардан 59 оқушы қатысты.

    Командалар құттықтау визиткаларын ұсынды, «Болашақтың тұғыры білімді ұрпақ» презентациясы кезінде өздерінің жетістіктерімен таныстырды (алғыс хаттар, дипломдар, пәндік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің фотосуреттері).

    «Адам болатын бала - алысқа қарайды» үй тапсырмасын таныстыру кезінде командалар қызметтің түрлі бағыттары бойынша жетістіктерін бейнеролик түрінде ұсынды. «Рухани жанғыру», «Менің кіші отаным» тақырыбындағы «Шіркін life» биатлонында қатысушылар өздерінің туған өлкелері, оқудағы жетістіктері туралы айтты. Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 20 мектеп-лицейінің «Болашаққа қадам» командасы иеленді. Өз сөзінде қатысушылар өз командасының ұсынысына мазмұнды және шығармашылық тұрғыдан келді. Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми жобаларға, оқудағы, спорттағы жетістіктеріне, волонтерлік қозғалысқа қатысуы туралы мониторинг ұсынды. 11 сынып оқушысы Рыбин Данил, «Тәуелсіздік ұланы» сертификатымен марапатталған, 11 сынып оқушысы Жунусова Айым, Елбасы медалінің иегері, 11 сынып оқушысы Бегембет Тамерлан, Қазақстан тарихы бойынша қалалық пәндік олимпиада жүлдегері мектептің мақтанышы болып табылады.

    II орынды № 25 ЖОМ «Ұлы дала мұрагерлері», № 37 ЖОМ «Тұмар», III орынды № 19 ЖОМ «Томирис», № 34 ЖОМ «Юные гений» командалары иеленді.

    Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.№ 20 мектеп-лицейінің «Болашаққа қадам» командасы «Менің кіші отаным» конкурсының облыстық кезеңіне қарастыру үшін  жіберілді.