kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2165367
Бір айда143108
Бір аптада33217
Кеше5967
Тәулік230
Халықаралық теледидарлық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары
13-05-2022 16:10
Халықаралық теледидарлық шығармашылық байқаудың жеңімпаздары

Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаеваның қатысуымен «Думанды елім» атты халықаралық балалар теледидарлық шығармашылық байқауы өтті. Байқауда Павлодар қаласының жас таланттары «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының, «Свет звезды» үлгілі ән театрының «Ерке Soleil» тобының, «Тип-топ» үлгілі эстрадалық би студиясының, «Жас дәурен» вокалдық ұжымының, «Мұрагер» домбыра ұжымының, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Тұмар» эстрадалық вокал студиясының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша «Жас дәурен» вокал студиясының дуэті Иманбекова Асия, № 19 ЖОМ 7 сынып оқушысы, № 35 ЖОМ 8 сынып оқушысы Болтаев Бақберген «Мама» әнімен және «Тұмар» эстрадалық вокал студиясының әншілері «Адажио» әнімен - Б.Момышұлы атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Каришев Мирхат, 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы «Listen» әнімен - Сурумбетова Камиля «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша бас жүлденің иегерлері болды.

«Эстрадалық вокал» номинациясында I орынды «Тұмар» эстрадалық вокал студиясы «Hit the road Jack!» әнімен, № 43 ЖОМ 6 сынып оқушылары Мухина Алтынай мен Дәулет Айлананың дуэті жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, дипломдар, ал ұжым жетекшілері алғыс хаттар алды.