ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзия бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың бірыңғай күні
23-05-2022 15:21
Инклюзия бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың бірыңғай күні

Балалар жылына арналған «Біз бірдейміз» - «Мы равны» облыстық акциясы шеңберінде 2022 жылғы 23 мамырда Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында ата-аналардың, педагогтердің, мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өткізілді. Мақсаты - ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілік деңгейін арттыру, аутистік спектрдің бұзылу белгілерін анықтау, түзету жұмыстарының нәтижелерін және ата-аналардың логопедтік жұмысқа қызығушылығын арттыру.

Инклюзивті білім беру, аутизм белгілерін ерте анықтау, логопедтермен, психологтармен жұмыс мәселелері бойынша Павлодар қаласының 42 жалпы білім беру мектептерінде, 73 мектепке дейінгі ұйымдарында облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың, Павлодар қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларының, «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп консультациялар, диалог алаңдары өтті.

Павлодар қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің логопедтері Л. Е. Туктагулова, Е. С. Мамонтова № 33, 84 балабақшаларда консультациялық жұмыс жүргізді. Мамандар ата-аналарға баланың сөйлеу тілінің дамуы туралы, егер бала сөйлемесе, не нәрсеге назар аудару керек екендігі туралы түсінік берді, оларды қызықтыратын сұрақтарға ұсыныстар берілді.

№ 14 түзету балабақшасында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның жетекшісі С. А. Айтбаеваның қатысуымен 100-ден астам ата-аналармен диалог алаңы өткізілді.

№ 18 ЖОМ-де облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның басшысы А. К. Адамованың қатысуымен диалог алаңы өтті. Ата-аналарға сөйлеу, мінез-құлығында бұзылыстары бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету бойынша ұсынымдар берілді, түзету процесіне қатысушы ата-аналарға, мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне аутистік спектр белгілері бар балаларды анықтау және ата-аналарға одан әрі іс-қимыл маршруты бойынша көмек көрсетіледі.

№ 26 ЖОМ облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның дефектологі Шолпан Ғаббасқызы Сардарбековамен кездесу өтті. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша ата-аналарға ағарту жұмысы туралы сындарлы әңгімелер өткізілді. Ата-аналарды ерекше білім беруді қажет ететін балалардың есте сақтау қабілеті мен зейінін жақсарту бойынша жұмыстың әдістері туралы сұрақтар қызықтырды. Білім беру және медициналық мекемелердің мамандарымен жұмыс істеу туралы ұсыныстар берілді.