ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Спорттық-сәнді билер байқауының жүлдегері
24-05-2022 09:18
Спорттық-сәнді билер байқауының жүлдегері

Инновациялық Еуразия университетіндегі «Рандеву» клубының спорттық-сәндер билері бойынша өткен «DANCESTARS» сайысында Павлодар қаласының № 34 ЖОМ 1 сынып оқушысы Акрам Алтынай I орынды алды. Солистер арасындағы байқауда ол еуропалық бағдарлама бойынша баяу вальсті және Латын Америкасы бағдарламасы бойынша ча ча ча биін орындады.

Алтынай бұл клубта бірінші жыл айналысады, BaBy 1 жас тобында, алайда жаттықтырушы Никитина Виолетта Александровна қыз балаға үлкен үміт артады. - Алтынай - еңбексүйгіш, мақсатқа ұмтылған және ең бастысы бимен үлкен ықыласпен айналысады, - деп атап өтті жаттықтырушысы.

Алтынай би алаңдарын ғана бағындырмайды. Ол 2022 жылдың 17 сәуірінде республикалық физика-математика мектебінде FЕMOInternational IV халықаралық олимпиадасының көктемгі турына қатысып, II орынды алды.

- Жас кезінде өзіңді барлық жерде сынап көру керек деп бекер айтпайды. Алтынай небәрі жеті жаста, бірақ оның өмірі - оқуға, спортқа, музыкаға, достарына, отбасына, хоббиге толы, - дейді оның мұғалімі Подгайная Ольга Владимировна.