ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Экология бойынша облыстық форумның қорытындысы
25-05-2022 09:46
Экология бойынша облыстық форумның қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Табиғатты аяла» республикалық форумның облыстық кезеңі өтті. Мақсаты - табиғатты қорғау қызметіне баулу, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Облыстың білім беру басқармасы өткізді.

Қатысушылар «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы», «ZhasylEl», «Eko-Bolashak», «GREEN OASES», «Экотеатр», «Туған өлкенің бояулары» атты 6 номинация бойынша өз жобаларын, бейнероликтерін, макеттері мен театрлық эко-қойылымдарын ұсынды. Форумға 150-ден астам жас өлкетанушылар, экологтар, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің, қалалар мен аудандар мектептерінің натуралистері, қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты.

Форумның облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша III орынды № 34 ЖОМ 3 сынып оқушысы Полякова Ксения, «Zhasyl El» номинациясы бойынша II орынды № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Құнанбаев Ернар, «GREEN OASES» номинациясы бойынша III орынды № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Стародубцева Надежда иеленді.