ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу жылының соңғы қоңырауы
25-05-2022 10:36
Оқу жылының соңғы қоңырауы

1 - 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау 2022 жылғы 25 мамырда дәстүрлі түрде Павлодар қаласының барлық 42 жалпы білім беретін мектептерінде өтті. Мақсаты - оқу жылының қорытындысын шығару, мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, оқушылармен жұмыста ведомствоаралық байланыстарды нығайту.

Салтанатты жиындарға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.

Ағымдағы оқу жылында 1 - 11 сыныпты Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 47 мыңнан астам оқушысы бітіреді, оның ішінде 11 сынып түлектері 1451 оқушы және 9 сынып 3682 түлек құрайды. 11 сынып түлектерінің арасында «Алтын Белгі» белгісі және 114 оқушы үздік аттестатқа үміткер.

Балалар жылына арналған іс-шаралар шеңберінде мектеп және қоғамдық қызметтің дамуына үлес қосқан оқушыларды анықтау және көтермелеу мақсатында 20-24 мамыр аралығында қала мектептерінде «Топ жарған» тақырыбында мектептің үздік оқушыларын құрметтеу бойынша салтанатты іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде 5000-нан астам оқушы оқу жылы барысында өздерінің шығармашылық жетістіктерін көрсетті.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін 26 мамырдан 21 маусымға дейін ата-аналардың өтініші бойынша барлық тілек білдірген білім алушылар үшін шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім кемшіліктерін толтыру және оқыту сапасын арттыру мақсатында жазғы мектептер жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда 1 - 10 сынып оқушыларының жалпы санынан 12 мыңнан астам оқушы әртүрлі пәндер бойынша білім алғысы келеді.