ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас вокалистің жетістігі
26-05-2022 10:26
Жас вокалистің жетістігі

Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісінің 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» ашық көркемөнерпаздар байқауына республикамыздың түкпір-түкпірінен 60-тан астам әнші қатысты. Павлодар облысының намысын № 25 мектеп оқушысы Сапарбек Сезім қорғады. Байқау 2022 жылдың 18 мамырында Ақтөбе қаласында өтті, ұйымдастырушысы Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болып табылады.

Жасы шектелмеген қатысушылардың ішінен өзінің дарындылығымен, әдемі дауысымен ерекшеленген Сезім I орынды жеңіп алып, байқаудың жеңімпазы атанды.Ол қала әкімі А. Шахаровтың дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.Байқауда ол Мұзафар Әлімбаевтың сөзіне жазылған, музыкасы Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әнін орындады.

- Бұған дейін мен осындай жоғары деңгейдегі байқауларға қатыспадым - бұл менің өнер жолындағы алғашқы сәттілігім, - дейді жеңімпаз.

Сапарбек осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. 5 сынып оқушысы. Ол осы оқу жылынан бастап музыка пәнінің мұғалімі Балкенов Жанұзақ Қорабайұлының жетекшілігімен вокал үйірмесіне қатысып келеді.

- Өз жеңісімен ол біздің мектептің жетістіктер қоржынын толтырды және мектеп ұжымын қуантты, аталған байқауда ересек қатысушылар да өнер көрсетті.Ол өзінің талантымен республика көлемінде жеңіске жетіп, Павлодар облысыныңатын шығара алды, - дейді басшы.