Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Павлодарлық оқушылар шыршаларды тамшылатып суаруды пайдаланады
02-06-2022 09:29
Павлодарлық оқушылар шыршаларды тамшылатып суаруды пайдаланады

Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінің PASCH «Мектептер: болашақ серіктестері» ұйымдастырушыларымен «Schulemacht Grün» - «Жасыл мектеп» Халықаралық жобасын іске асыру бойынша бірлескен жұмысы жалғасуда.

PASCH 13 жылдығына арналған «SchulemachtGrün» - «Жасыл мектеп» жобасы аясында 2021 жылғы 29 қазанда мерекелік жағдайда мектеп аумағында Германия мен Франция елшілігінің қаржылық қолдауымен 30 шырша және мектептің макулатура жинау қаражаты есебінен 6 шырша отырғызылды. Шыршалар өте жақсы қыстап шықты, енді олар мектептің алдыңғы кіреберісін безендіріп, қала тұрғындарын өздерінің жасыл желектерімен қуантады.

Қылқан жапырақты өсімдіктер, кез-келген басқа өсімдіктер сияқты, тыңайғанша күтімді қажет ететінін айта кету керек. Сондықтан, бірінші кезекте мектеп оқушылары құрғақ бұтақтарды кесуге кірісті, содан кейін олар жас шыршалар үшін ылғалды ұстап тұруға пластикалық бөтелкелермен тамшылатып суаруды жалғастыруды шешті. Мектеп оқушылары тамшылатып суаруға көшеттерді эксперименттік бақылау арқылы келді және топырақтың ылғалдылығын сақтау үшін пластикалық бөтелкелерді қолдануға шешім қабылдады. Бөтелкедегі су 3 - 4 күн ішінде ағып тұрады және ылғал сақталады, бөтелкелер аптасына 1 рет толтырылады. Шыршаларды ыстық жаз күтіп тұр, сондықтан бөтелкелердегі су өсімдіктердің тамыр жүйесін үнемі ылғалмен қамтамасыз етеді, бұл олардың белсенді өсуіне әкеледі.

- Біз «Табиғатқа айналаңдағылардың саған қалай қарағанын қалайтыныңдай қара» экологиялық әдептің алтын ережесін сақтай отырып, өсімдіктерге күтім жасауды, жерді қопсытуды, суаруды жалғастырамыз, - дейді мектептің 8 сынып оқушысы, Анна Старовойтова.