1 маусым балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында қаланың алаңдарында және балабақшалар аумақтарында квест-ойындар өтті. Ойын барысында әр бала нағыз кейіпкерге айналды, оның нәтижесі барлық ойын кезеңдерінде бір команда ретінде қалай өтетіндеріне байланысты болды.
Мектеп жасына дейінгі балалар ұлттық ойындар фестиваліне қатысып, әуе батпырауықтарын ұшырып, достық ән мен билерді биледі. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаларға, спорттық жарыстарға, асфальтта сурет салу байқауларына, «Балалық шақтың жарқын түстері» сәндік-қолданбалы шығармашылығы бойынша шеберлік сыныптаға, «Сәлем, жаз!» би-жаттығуына қатысты.
Барлық іс-шаралар балалар жылы логотипімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Біз - сенің балаларың, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» ұранмен өтті.
Іс-шаралардың мақсаты - ойын барысында балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, әлеуметтік-коммуникативтік қасиеттерді қалыптастыру, достыққа, эмпатияға, бір-біріне достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Іс-шараға қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 18 мыңнан астам тәрбиеленушілері қамтылды.