Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары шығармашылық жетістіктері үшін марапатталды
02-06-2022 18:25
Қала оқушылары шығармашылық жетістіктері үшін марапатталды

    Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 2 маусымда Орталық мәдени және демалыс саябақта Қазақстан балалары жылына арналған «Жайдарлы жаз» қалалық жазғы мерекесі өткізілді. Мақсаты - облыстық «Бүлдіршін» XXII мектепке дейінгі балалар шығармашылығы фестивалінің, «Ақ шағала» фестиваль - конкурсының және «Үлкен үзіліс - 2022» қалалық жобасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау.

    «Бүлдіршін» мектепке дейінгі балалар шығармашылығының қорытындысы бойынша облыстық білім беру басқармасының  ІІ дәрежелі дипломымен № 93 балабақшаның «Асатаяқ» хореографиялық ұжымы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 126 балабақшаның тәрбиеленушісі Аманолла Сымбат «Ата мен әже» әнін орындағаны үшін,В. Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» ертегісін орындағаны үшін № 2 балабақшаның 5 жасар  тәрбиеленушісі марапатталды.

    «Ақ шағала» фестивалінің қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының І дәрежелі дипломымен, «Жирен мысық» биі үшін № 40 ЖОМ «Акварель» хореографиялық ұжымдары, Қ.Бекхожин атындағы мектептің «Шұғыла» би ұжымы «Шашу» қазақ халық н орындағаны үшін марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен № 41 ЖОМ «Биназир» және № 9 мектеп - гимназиясының «Dance kids» хореографиялық ұжымдары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 1 ЖОМ «Тұмар» өзбек заманауи биін орындағаны үшін, М.Әлімбаев атындағы ЖОМ «Эйфория» ұжымы заманауи биін орындағаны үшін марапатталды.

    Оқу жылы бойы Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 30 мектеп сынып оқушылары 7 бағыт бойынша - шығармашылық көркем, сахналық нөмірлер, пародиялар, спорттық жарыстар, ата-аналармен бейнепрезентациялар бойынша «Үлкен үзіліс -2022» қалалық жобасын іске асыруға қатысты.

    Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша бас жүлдені № 43 ЖОМ 9 сынып оқушылары алды, І дәрежелі дипломмен М. Әуезов атындағы мектептің 5 сынып оқушылары, ІІ дәрежелі дипломмен № 26 ЖОМ 6 сынып оқушылары, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 38 ЖОМ 9 сынып оқушылары, Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушылары марапатталды. Барлығы «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды.