Бүгін Даңқ ескерткіші жанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған ту топтарының облыстық байқауы өтті. Байқауға 15 команда қатысты. Байқау бағдарламасына мемлекеттік рәміздер туралы білімді тексеру, ту тобына қойылатын талап - салтанатты киім нысаны, бір ту ұстаушы, екі ассистент және саптық даярлық кірді.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды Павлодар қаласының № 35 мектеп оқушыларынан құралған Ту тобы иеленді. Барлық жеңімпаздар облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру орталығының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудегі жоғары көрсеткіштері үшін Ауған соғысы ардагерлері одағының «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік медальдармен алғашқы әскери даярлықты ұйымдастырушы мұғалімдер А.Ж. Идрисов (№ 30 ЖОМ), Е. С. Кулембаев (№ 7 ЖОМ), С. Ш. Қайдаров (№ 33 ЖОМ) марапатталды.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалар мәдениетін дамыту және жұмыспен қамту орталығымен 2022 жылғы 3 маусымда «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» -«Государственные символы - национальная гордость» атты челлендж өткізілді. Мақсаты - патриоттық және толерантты тәрбие беру, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты қарау.
Челленджге № 1, 5, 7, 11, 14, 15, 17, 18, 19, 24, 25, 26, 29, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 41, 43, Қ. Мақпалеев, Қ. Бекхожин, Кенжекөл ЖОМ, № 16, 20 лицей-мектептерінен 189 оқушы қатысты.
Instagram-дағы лайктарды санау арқылы челлендж қорытындысы бойынша 6 мектептің оқушылары жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - № 25 ЖОМ оқушылары, II орын - № 16, 20 лицей-мектептері мен № 29 ЖОМ оқушылары, III орын - 1, 37, 41, Қ. Мақпалеев атындағы мектеп оқушылары иеленді. Барлығы «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.