ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылар спорттық - ойын-сауық ойындарына қатысты
07-06-2022 14:58
Оқушылар спорттық - ойын-сауық ойындарына қатысты

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Жайдарлы жаз» жазғы жобасы шеңберінде 2022 жылғы 6 маусымда № 7 мектеп стадионында «Жаз - лайф бағыты бойынша» спорттық-ойын-сауық квест-ойыны өткізілді. Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға тарту және қызығушылығын дамыту. Квест-ойынға қаланың 25 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 8 сыныптарының 250-ден астам оқушыларынан тұратын 25 команда қатысты.

Спорттық - ойын-сауық квесті ойын түрінде «Секіртпемен секіру», «Баскетбол себетіне лақтыру», «Денсаулық», «Асық», «Халық даналығы», «Пантомима», «Батпақтан өту», «Дәл түсу», «Арқан тарту» станциялары бойынша өтті. Командалар станцияларға баратцын жоспарлар көрсетілген маршрут парақтарын алып, әр түрлі тапсырмаларды орындады. Квест-ойын командаларға уақытты белсенді өткізуге, өздерінің шығармашылық қасиеттері мен әлеуетті қабілеттерін көрсетуге, таланттарды дамытуға, эрудицияны, коммуникативтілікті көрсетуге, тез бейімделу және командада жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Квест-ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. I орынды № 41 мектептің «Эдельвейсы» командасы, II орынды № 18, 35, 39, 36, М. Әуезов атындағы мектептердің командалары иеленді. III орынды № 5, 7, 15, 17, 21, 23, 26, 34, № 16 лицей-мектебінің командалары иеленді.

- Іс-шараны балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру шеңберінде өткіземіз, бұл балалар қозғалмалы ойындармен, спортпен шұғылдануы, салауатты өмір салты дағдыларына үйренуі, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуі, қызығушылықтары бойынша достарымен қарым-қатынас жасауы және таза ауада көбірек болуы тиіс кезі дейді, - орталық басшысы Ақмарал Люлятқызы Мұхаметжанова.