ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Асфальттағы балалар шығармашылығының түрлі-түсті әлемі
20-06-2022 09:58
Асфальттағы балалар шығармашылығының түрлі-түсті әлемі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының «Жайдарлы жаз» жазғы бағдарламасы аясында 2022 жылғы 17 маусымда орталық жағалауда Қазақстан балалары жылына арналған «Түрлі түсті әлем» - «Разноцветный мир» қалалық суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты - көркем шығармашылықты дамыту, дарынды балаларды қолдау. № 1, 5, 7, 11, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 34, 35, 36, 37, 39, 41, 43, Қ. Мақпалеев, М. Әуезов, № 16 лицей-мектебі, Жетекші жалпы білім беретін 28 мектептің 1 - 8 сыныптарынан 316 оқушы қатысты

Байқау шарты бойынша қатысушылар 40 минут ішінде «Бақытты балалық шақ», «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері», «Біздің қала» тақырыптарының біріне сурет салу керек болды.

Байқау қорытындысы бойынша № 43 ЖОМ «Смешарики» командасы, № 34 ЖОМ «Оба-на» командасы, № 29 ЖОМ «Смешарики» командасы «Біздің қала» тақырыбы үшін  І орынды алды.

ІІ орынды «Біздің қала» тақырыбындағы суреттер үшін М. Әлімбаев атындағы ЖОМ «Мотыльки» командасы, № 15 ЖОМ «Смешарики» командасы, № 30 ЖОМ «Лучик» командасы, Жетекші ОМ «Күн шуақ» командасы, «Бақытты балалық шақ» тақырыбына № 23 ЖОМ «Жұлдыздар» командасы, М.Әуезов атындағы мектептің «Черепаха» командасы иеленді.

III орынды № 16 лицей-мектебінің «Қуаныш» командасы, № 17 ЖОМ «Ер төстік» командасы, № 36 ЖОМ «Солнечный город» командасы, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ «Лунтик» командасы, «Бақытты балалық шақ» тақырыбында№ 5 ЖОМ «Ертіс ертегілері» командасы, № 1 ЖОМ «Турбо» командасы, № 19 ЖОМ «Тұлпар» командасы, № 28 ЖОМ «Қолшатырлар» командасы, № 37 ЖОМ «Алға» командасы, № 41 ЖОМ «Киндер» командасы иеленді.

 «Ең көркем сурет» номинациясын № 7 ЖОМ «Сұңқар» командасы, № 11 ЖОМ «Достық» командасы, № 14 ЖОМ «Достар» командасы, № 18 ЖОМ «Фиксиктер» командасы, № 25 ЖОМ «Күн шуақ» командасы, № 24 ЖОМ «Улыбка» командасы, Қ. Бекхожин атындағы мектептің «Жақсылық» командасы алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен, номинанттар «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды.