Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жігер клубы өз этноауылына шақырады
22-06-2022 16:11
Жігер клубы өз этноауылына шақырады

«Жаз - 2022» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында 20 маусымда «Этноауыл» жобасы бойынша балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру бойынша жазғы маусым ашылды. Мақсаты - қазақ тұрмысының ежелгі дәстүрлерімен, ұлттық қазақ мәдениетімен, ойындармен, билермен және әндермен таныстыру.

Жоба аясында 20 маусымда клуб тәрбиеленушілерімен «Киіз үйді орнату және жабдықтау» шебер-сағаты өткізілді. Шебер-сағат қатысушылары киіз үйдің пайда болу тарихы, олардың түрлері, қандай материалдардан жасалатыны, ішкі бұйымдар үшін не қажет екендігі туралы білді және клубта этноауыл құруға қатысу дағдыларын іс жүзінде бекіту мүмкіндігі ұсынылды.

Этноауылдың ресми ашылуы 22 маусымда клубтың 16 тәрбиеленушілері мен педагогикалық еңбек ардагерлерінің шақырылуымен өтті. 150-ден астам балаға киіз үй ұсынылды, аулада «Тұсау кесу» театрландырылған қойылымы және клуб тәрбиешілерінің музыкалық-би бағдарламасы көрсетілді, асық ату, арқан тарту, тоғыз құмалақ, қазақша күрес ұлттық ойындары өткізілді. Уақыт өте тез өтті, балаларға ұлттық ойындардың ережелерімен, киіз үйдің құрылысымен және тұрмыстық бұйымдарымен танысу қызықты болды.

- Маған киіз үй өте ұнады, онда мен ежелгі ыдыстарды, киіз үйдің жабдықтарын, салт-дәстүрлерді көрдім. Ұлттық ойындарға қатысты, әсіресе асық ату ойыны ұнады, - дейді № 24 мектептің 4 сынып оқушысы Смаков Расул.

Жоба аясында жаз бойы «Қазақтың ұлттық дәстүрлері», «Ежелгі қазақ әндерінің кеші», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Ұлттық костюмдердің дефилесі», «Сабантой», «Қыз қуу», «Бейнелеу өнері» түрлі бағдарламаларын өткізу қарастырылған. Бағдарламаның барлық түрлерімен қаланың шағын аудандарынан, бүкіл қаланың мектеп жанындағы лагерьлерінен 4500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.