Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі пәні бойынша ҰБТ дайындығы
27-04-2011 13:41

 ҰБТ – білім көрсеткіші, Аталмыш тақырып бойынша  бірнеше рет қазақ тілі пәні мұғалімдер арасында тәжірибелік семинарлар өтті.

ҰБТ бойынша жоғары көрсеткіші бар  № 17, 39, 42 мектеп мұғалімдері тәжірибесімен бөлісті. Білім беру бөлімінің әдіскері Қ.Мұқышева  тест тапсырмаларын күрделендіру арқылы оқушы танымын, ізденісін, құзіреттілігін көтеруге бағыттайтын тапсырмалар жиынтығын дайындауды көрсетті.  Мұғалімге көмек ретінде «Қиын тақырыптарды меңгерту жолдары және коррекциялық жұмыс түрлері» тақырыбы бойынша озық тәжірибе таратушы № 5 ЖОМ мұғалімі А.Х. Макеева теория мен тәжірибені ұштастырып шеберлік сағатын өткізді. Бұнда  тест жұмыстарында жіберілген қателерді қалай қайталап, оларды есте сақтаудың жолдары, қысқаша әрі нақты түсіндіру жолдары туралы айтылды және жұмысты жүйелеп жүргізу тиіс екендігі сөз болды.

         Сәуір айында № 7 мектеп мұғалімі А.К.Мусина «ҰБТ-ға сапалы дайындау жүйесін қамту» тақырыбы бойынша семинар өткізіп,өз тәжірибесімен ашық сабақ барысында  бөлісті. «Финист» бағдарламасы бойынша тестілеудің тиімділігін көрсетті.  Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Қ.Мұқышева және қала мұғалімдері тарапынан  қалай нәтижелі оқытуға болады, құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар түрлері, қазақ тілі сабағына деген оқушылардың ынталылығын арттыру жолдары, ҰБТ-ға даярлауда болатын кедергілер де қарастырылып, шешу жолдары талданды.