ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Этноауылда қазақтың ұлттық ойындары өтті
24-06-2022 14:50
 Этноауылда қазақтың ұлттық ойындары өтті

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Этноауыл» жобасы аясында 24 маусымда «Ұлттық ойындар Fest» қазақ ұлттық ойындарының кезекті іс-шара - фестивалі өтті. Мақсаты-балаларды әртүрлі спорт түрлерімен қамту, қимыл-қозғалыс белсенділігін, дене қасиеттерін дамыту, қазақ ұлттық ойындарының мәні мен ережелерін білу.

Фестивальде № 4 мектеп жанындағы лагерьлердің, Әлімбаев атындағы ЖОМ-нің 130-дан астам оқушысы және клуб тәрбиеленушілері кездесті. Оларға тоғыз құмалақ, арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, асық ату ұлттық ойындарына қатысуға мүмкіндік берілді. Олар ұлттық ойындардың пайда болу тарихымен, әдісімен, түрлерімен танысып, өздерінің спорттық дағдыларын көрсете алды.

- «Ұлттық ойындар Fest» ұлттық қазақ ойындарының фестивалі балалардың демалысы мен ұлттық ойын түрлерімен айналысуы үшін ұйымдастырылды, әрбір қатысушы қозғалмалы ойын түрлеріне қатысуға қызығушылық танытып, дене шынықтыру дағдыларын алды, - дейді «Жігер» клубының әдіскері Саятова Жанна Рысқалиқызы.

Уақыт көңілді, спорттық құмарлықпен тез өтті. Қатысушылар өз күштерін, төзімділігі мен ептілігін тексерді. Нәтижесінде оларға қажетті физикалық жүктемелер, командада ойнау дағдылары берілді, өз денесінің моторикасын дамытты.

- Маған ұлттық ойындар фестивалі қатты ұнады, онда мен барлық ойындарға қатыстым, әсіресе қазақша күрестегі ойын ұнады және секцияға барамын деп шештім, - дейді № 4 мектептің 3 сынып оқушысы Ерғалиев Айтуар.