ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың сахналық шығармашылығындағы Ералаш
27-06-2022 09:51
Павлодарлық оқушылардың сахналық шығармашылығындағы Ералаш

2022 жылғы 22 маусымда Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жайдарлы жаз» жазғы кешенді бағдарламасы аясында ералаш «Телекарапули» ең үздік әзіл-сықақ қойылымына шығармашылық конкурс өткізілді. Қаланың № 5, 14, 17, 21, 25, 41, К. Мақпалеев атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, Кенжекөл ЖОМ мектептерінің 3 - 8 сыныптарынан 87 оқушы қатысты.

Сахнада 12 нөмір ұсынылды. Әзіл-сықақ қойылымдарында қатысушылар мектеп, достық, құрдастар арасындағы қарым-қатынас, сыныптағы оқиғалар, аулада болған жағдайлар, достарымен ойнау туралы күлкілі әңгімелер көрсетті. Костюмдер мен музыкалық сүйемелдеу таңдалды.

- Әр сюжет - тапқыр, мейірімді және өнегелі тарих,командалар өздерінің әртістік қабілеттерін көрсетті және көрермендерді «Ералаш» балалар әзіл-сықақ киножурналының заманауи түсіндірмесімен таң қалдырды және көрермендердің қошеметіне бөленді, - дейді орталық әдіскері Аргынова Самал Багадатовна.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ «Жұлдыздар» командасы иеленді. Олар «Емтиханда»  көңілді сахнасын ұсынды-емтиханға дайын емес оқушы күлкі тудырды, көрермендерді жағымды эмоциялармен зарядтап,  мектепте жақсы оқу керек деген үйрену  ұғымына   әкелді.

Жүлделі орындарға Қ. Мақпалеев атындағы  № 14, 28, 5, 15, 17, 21, 25, 36, 41, Кенжекөл мектеп командалары ие болды. Олар «Сарқырама», «Біздің ауламызда», «Дәмді және пайдалы тамақ туралы», «Велосипед», «Толық атас», «Телепат», «Отырыңыз, өтінемін», «Гипноз», «Жаман жады», «Мой Пушкин», «Мұндай  кешірілмейді». Барлық командалар «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталды.