ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ресейдегі бокстан өткен жарыста жігерліктер 10 медальға ие болды
28-06-2022 11:28
Ресейдегі бокстан өткен жарыста жігерліктер 10 медальға ие болды

2006 - 2013 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен Бокстан халықаралық турнирде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер»  балалар-жасөспірімдер клубының 10 тәрбиеленушісі қатысты. Турнир Ресейдегі Новосібір облысы, Карасук қаласында өтті. 300-ге жуық жас боксерлер Алматы, Павлодар қалаларынан, Красноярск, Кемеров, Иркутск, Омск, Новосибирск, Яровое, Славгород, Челябинск, Якутск, Шелехова, Тогучин және басқа да автономды республикалардан қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша жігерлік  спортшылар қоржынына  4 алтын, 6 күміс медаль түсті.

I орынды «Сауран» клубының тәрбиеленушілері, 8-сынып оқушылары Муратов Ильяс 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, Арман Мақсатұлы (46 келіге дейін), «Азат» клубының тәрбиеленушісі 7-сынып оқушысы Мақсатұлы Асылан, 57 келі салмақта  (№ 19 ЖОМ), Серикбосынов Ернар, (48 кг) «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі,  № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы.

II орын алғандар Жамбербаев Алмаз (34 кг), «Сауран» клубының тәрбиеленушісі № 19 ЖОМ 5 сынып оқушысы, «Азат» клубының тәрбиеленушілері Темиржан Ибрагим (30 кг), 4 сынып оқушысы, Қабыш Нұрсұлтан, 4 сынып оқушысы 36 кг салмақ дәрежесінде (№ 5 ЖОМ), Қабыкен Дарын (64 кг), № 10 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы, «Айналайын» клубының тәрбиеленушілері Смағул Аңсар (52 кг), № 35 ЖОМ 6 сынып оқушысы, Мағзұмов Дидар оқушысы (32 кг), Макпалеев атындағы ЖОМ 2 сынып.

Биылғы жылы біздің кейбір тәрбиеленушілеріміз  халықаралық деңгейдегі жарысқа, алғаш рет қатысып  жақсы нәтиже көрсетіп отыр, мысалы  Мағзұмов Дидар, бокспен шамамен екі жыл айналысып келеді, сонымен қатар, футболмен әуестенеді және ағылшын тілін тереңдетіп оқиды, - дейді тәрбиеленушінің жаттықтырушысы Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы.

         Жүлдегерлеріміздің жаттықтырушылары «Жігер» клубының педагогтары Жаменкенов Ертай Хайруллинович, жекпе-жек пен үшсайыстан спорт шебері, бірінші санатты төреші, Сүлейменов Бексұлтан Зейноллаұлы,  спорт шеберіне үміткер.