ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас домбырашыларға арналған шеберлік сыныбы
30-06-2022 12:11
Жас домбырашыларға арналған шеберлік сыныбы

Домбыра - қазақ мәдениетінде маңызды орын алатын және Қазақстанның ұлттық игілігі саналатын музыкалық аспап. Жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда домбыра күні атап өтіледі.

Бүгін Домбыра күнін мерекелеу аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі балалар музыка мектебімен бірлесіп Достық үйінің стилоботында «Мен домбыра тартып үйренемін» шеберлік - сыныбын өткізді.

Шеберлік сыныбында музыка мектебінің «Сириус» мектеп жанындағы лагерінің 50 тәрбиеленушісі, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 50 оқушысы қатысты. Музыка мектебінің педагогтары шеберлік сыныбын өткізді, олар домбыраның шығу тегі туралы айтып берді, аспаптың құрылысын, аспапта ойнау тәсілдерін көрсетті. Әрбір тілек білдіруші домбыраны қолына алып, дыбыстарды шығара алды.

Шеберлік сыныбының нәтижесінде 100 домбырашыдан құралған қатысушылар Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Әлқисса» күйін орындап, көрермендер мен жас домбырашылардың өздерін қуантты, олардың көпшілігі алғаш рет қолдарына домбыра ұстады.

- Біздің әрқайсымыздың қабілеттеріміз әртүрлі, біреулерге бір апта ішінде домбырада ойнауды үйретуге болады, біреулерге көп уақыт қажет болады. Алайда жыл өткен сайын өскелең ұрпақтың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы артып, оларды бүгінгідей ойнауды үйренгісі келетіні қуантады, - дейді музыка мектебі басшысының орынбасары Қуаныш Мейрамұлы Ермекбаев.

Қазіргі уақытта домбыра кабинеттері қаланың 25 мектебінде бар, білім беру ұйымдарында 66 үйірме жұмыс істейді, онда 1000-нан астам бала оқиды.