ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Этноауылда» ұлттық салт-дәстүрлерінің шеберлік сабағы өтті
01-07-2022 09:09
«Этноауылда» ұлттық салт-дәстүрлерінің шеберлік сабағы өтті

      «Этноауыл» жобасы шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында 28 маусымда «Қазақтың ұлттық дәстүрлері» фестиалі өтті. Фестивальдің мақсаты - оқушыларға эстетикалық тәрбие беру және ұмыт қалған салт-дәстүрлерді жаңғырту, балалардың бойына өз халқына, ұлтына, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті сіңіру. Фестивальға № 6, 16, 18, 21, 34, 39, 41, 11 мектептерінің 200-ден астам оқушылары қатысты.

Шеберлік сабағы сахнада «Шілдехана», «Тілашар», «Ат қою», «Шаш өру», «Туған жерге аунату», «Жеті ана» дәстүрлерін театрландырылған көріністі оқушылардың өздері көрсету түрінде өтті.

- Мен бүгін алғаш рет киіз үйді көріп, киіз үйдің ішінде қандай үй тұрмысына қажетті заттар мен жабдықтары бар екендігін өз көзімен көріп, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстым, - дейді Гаврилова Таисия № 11 мектебінің 5 сынып оқушысы.

Киіз үйдің құрылысымен және оның ішіндегі бұйымдармен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында «Дос» клубының меңгерушісі Акимбаева Әсем Аркарбековна фетсиваль қатысушыларына экскурсия өткізді. Киіз үйдің ішіндегі жиһаздар мен заттар Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы ұсталар мен тігіншілердің қол өнерлерінің жиынтығы болып табылады. Киіз үйдің дөңгелек болуы оның ішіндегі бұйымдарды  кереге бойымен орналастыруға мүмкіндік береді. Киіз үйдің әрбір бөлігінің өзінің дәстүрлі мәні бар.

- Барлық оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерін көріп, киіз үйдің жабдықтарымен танысып, киіз үйдің ішіндегі фонда көптеген естелік суреттерге түсіп, ерекше ұмытылмас әсерлер алып, көтеріңкі көңіл күйде  клубымызға енді жиі келгілері келетіндерін айтып кетті. Осы біліп, көргендері болашақта өмірлеріне және оқуларына жақсы саюақ болды деп ойлаймын, - дейді педагог Акимбаева Әсем Аркарбековна.