ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Этноауылдағы» оқушыларға арналған мастер-класстар
01-07-2022 17:09
«Этноауылдағы» оқушыларға арналған мастер-класстар

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубындағы «Этноауылдағы» 1 шілдедегі кезекті іс-шарасы – «Шебер Fest»  атты домбыра күніне арналған шеберлік-сабақтары өтті. Мақсаты -патриоттық сезімді тәрбиелеп, еңбекке баулу, қазақ ұлттық аспабы домбыраны, асханасы,  құрақ құрап, киіз басу технологиясын көрсетті. Қаладағы № 7, 11, 14, 15, 17, 19, 24, 25, 27, 34, 39, 36, 49 мектептерінен 300 астам оқушы қатысты.

 «Домбыра» дайындау бойынша шеберлік сабағын Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы Сыздықов Мелжан және  қаладағы ағаштан бұйымдарды жасайтын танымал ұсталар Мұсаханов Еркін және Маликов Ғалым өткізді. «Жігер» клубының педагогтарыбауырсақ, құрт жасау, құрақ көрпелер құру, киізден оюларды құру техникасын жасап көрсетті. Қатысушылар барлық шеберлік–сабақтарына үлкен қызығушылықпен және ықыласпен қатысты.

   - Мен «Этноауылдағы» барлық іс-шараларға қатысып жүрмін, олар мен үшін өте танымдық және қызықты. Бүгін бауырсақ пісіріп көрдім, енді менің ойымша, үйде анама бауырсақты дайындап пісірудегі үйренгенімді көрсетермін, - деп өз әсерлерімен бөлісті Баланюк Виктория, № 29 мектептің 3-сынып оқушысы.

   Сахнада домбырамен клуб педагогтары қатысушыларға танымал күйлер мен заманауи әндердіайтты. Оқушылар қызығушылықпен «Қара жорға» және «Қамажай» флешмобтарына қатысты. «Этноауылдағы» бүгінгі шарада барлығы бауырсақ пен  құрттан ауыз тиіп, киіз үйдефотосессия өткізді.

   - Біз бүгін қызықты мастер-класстарды ұйымдастырып қоймай, қосымша білім беру педагогтарының қатысуымен домбырамен ән айтылып, күй тартылып концерт өткіздік, Қазақ халқыныңұлттық жетістіктерінің бірідомбыраның жалпы құрылысымен таныстырдық. Оқушылар қызығушылықпен, бізбен бірге бауырсақ дайындап, құрақ-көрпе тігіп, ою оюды үйренді, - дейді клубымыздың әдіскері Гайнутдинова Динара Расыковна.