ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Астана күні мерекесіне қатысу
04-07-2022 10:15
Астана күні мерекесіне қатысу

Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың білім беру ұйымдарымен бірлесіп, 2022 жылғы 1 - 5 шілде аралығында Астана күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізеді, оған 15000-нан астам бала қатысады. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының 16 аула клубында 1 - 5 шілде аралығында спорттық - бұқаралық іс-шаралар, викториналар өтеді. 29 мектеп жанындағы лагерьлерде «Еліміздің бас қаласы» суреттер байқауы, ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар жоспарланған. 5 шілдеде Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері онлайн режимінде «Әнім саған арнадым» концертін ұсынады.

Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары Достық үйінің стилобатында «Шабыт қаласы» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді.

Төменгі жағалауда 4 шілдеде «Батпырауықтар шеруі» өтеді. Батпырауық макеттерді ұшыруға 200-ден астам мектеп оқушылары қатысады. 5 шілдеде қаланың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында елорданың көрікті жерлерінің «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан» қалалық макеттер фестивалі өтеді, онда балалар түрлі материалдардан дайындалған өздерінің макеттерін ұсынады.

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде 5 шілдеде жас суретшілердің 15-тен астам балалар жұмыстарының «Менің астанам» көрмесі ашылады. Жұмыстардан монументтер мен сәулет ескерткіштерін, Елорданың көрікті жерлерін көруге болады.