ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Этноауылда» халқымыздың көркем шығармашылығы фестивалі өтті
07-07-2022 09:17
«Этноауылда» халқымыздың көркем шығармашылығы фестивалі өтті

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында «Этноауыл» жобасы аясында 5 шілде күні кезекті іс-шара «Баталар фестивалі» өтті. Мақсаты - ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді білу.

Фестивальға қаладағы № 7, 16, 11, 18, 29, 41, Алимбаев атындағы мектептерден 120-дан астам мектеп жанындағы лагерьлердің оқушылары жиналды. Мектеп оқушылары дәстүрлерді көрсететін көріністер қойды, және ол көріністі дәстүрлі бата беру арқылы қорытындылады. Көрермендер келесі әдет-ғұрыптарымен «Азан шақыру», «Тұсау кесу», «Наурыз», «Жаңбыр шақыру», «Құрбан айт», «Жол бата», «Қоңыс той бата» танысты.

- Фестиваль балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, халқымыздың әдет-ғұрыптарын біліп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, сахнада өнер көрсету, ақындық өнері бар балаларды қолдау үшін ұйымдастырылды, - дейді Гайнутдинова Динара Расыковна «Жігер» клубының әдіскері.