Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар
08-07-2022 09:25
Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар

Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың білім беру ұйымдарымен бірлесіп, 2022 жылғы 8 - 16 шілде аралығында қала күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізеді. Іс-шараларға 5000-нан астам бала қатысады.

Іс-шаралар жоспары аясында 8 шілдеде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері санитарлық нормаларды, қоғамдық тәртіп ережелерін және экологиялық мәдениетті сақтау туралы қала азаматтарының назарын аудару мақсатында усолка жағажайының аумағын жинау бойынша «Менің таза қалам» экодесантын өткізеді.

Балалар музыка мектебі мен ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері 11 шілде күні М. Жүсіп көшесі, 30 мекен-жайындағы шағын ауданда «Менің сүйікті қалам» атты концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. 12 шілде күні Әлімбаев атындағы мектептің стилобатында № 24, 25, Әлімбаев атындағы, Әуезов атындағы мектептердің оқушылары павлодарлық Серік Мусалимовтың әндеріне арналған «Менің Павлодарым» концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. № 16 мектеп-лицейде 13 шілде күні жас бардтардың, «Кемпірқосақ аккордтары» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің орындауында қазақстандық авторлардың Павлодар туралы «Туған қалама арнадым» әндері шырқалады.

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілері 12 шілдеде төменгі жағалауда қала күніне арналған «Павлодар Арбат» атты шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Қала тұрғындары балалар жұмыстарынан Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітті, Благовещенск шіркеуін, өлкетану мұражайын, Бас пошта бөлімшесінде орналасқан әйгілі сағаттарды, Ертіс өзенін қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны, оның жағасында орналасқан жағажайлар мен өзен вокзалын көре алады. Жұмыстар орындау стилі мен техникасында әр түрлі, экспозицияда кескіндеме де, графика да бар. Туған қаласына арналған өз жұмыстары композиция сабақтарында орындалды.

Қала мектептерінің 5 - 9 сынып оқушылары 13 шілдеде онлайн режимінде «Павлодарға арнаймын» атты үздік өлең байқауына қатысады, байқау қорытындысы бойынша қаламыз туралы ең үздік өлеңдер жинағы шығады және авторларға беріледі.

Мереке алдындағы апта ішінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері әлеуметтік желілерде өздерінің бейнерепортаждарында қаланың көрікті жерлерінің тарихы туралы әңгімелейтін болады.

«Менің аулам» ұзақ мерзімді жобасы аясында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері 16 шілде күні қаланың 5 шағын ауданының аулаларында, № 39 мектеп жанындағы алаңдарда, Майра көшесі, 41 ауласында, Катаев көшесі, 36/1 ауласында, Амангелді көшесі, 50 ауласында,Торайғыров көшесі, 18 ауласында балалар мен тұрғындарға арналған концерттік-ойын-сауық бағдарламасын көрсетеді.