ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Этноауылда» ұлттық салт-дәстүрлер мерекесі
11-07-2022 09:37
«Этноауылда» ұлттық салт-дәстүрлер мерекесі

«Этноауыл» жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында 8 шілде күні кезекті «Этноауыл той» атты іс-шарасы өтті. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін,  асханасын, ойындарымен таныстыру.

120-дан астам «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері мен № 7 ЖОМ оқушыларына  мерекелік концерттік бағдарлама, содан кейін «Этноауылда» экскурсия өткізілді. Олар бауырсақ, құрт дайындау, табақ жасау, құрақ көрпе тігу шеберлік сабақтарына қатысты.  Балалар арқан тарту, қол күрес, садақ ату, белдесу, асық ату ұлттық ойындарын ойнады.

Мереке қонақтары киіз үйдің жабдықтарымен танысып, киіз үйдің ішінде ұлттық тағамдардан ауыз тиді, «Қара жорға», «Қамажай» билерінен флеш-моб билеп, «Мен қазақпын» әнін бәрі бірге шырқады.

- Мұндай іс-шаралар, балалардың патриоттық сезімінің дамуына ықпал етіп, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттырады, қазақтың ұлттық ойындарын білуіне әсер етеді. - дейді Уйсинбаева Гульнар Каиргельдиновна,  «Жігер» клубының басшысы.