Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың мектеп жанындағы лагерінің қызметі
12-07-2022 09:24
Қаланың мектеп жанындағы лагерінің қызметі

Биылғы жылы Павлодар қ. № 17 ЖОМ «Күншуақ» балалар-сауықтыру орталығы бірінші маусымда 223 балаға және екінші маусымда 65 балаға есігін айқара ашты. Мектеп жанындағы лагерьдің басым бағыты - бұл қызмет түрлерін дұрыс және сауатты жоспарлау, денсаулыққа қамқорлық жасау және қызығушылықтары бойынша бос уақытты қамтамасыз ету.

Лагерь тәрбиеленушілері түрлі спорттық, шығармашылық, зияткерлік, экологиялық акцияларға қатысып, өз бассейнінде уақыт өткізіп, жүзу дағдыларын үйренді.

- Жүзу бүкіл адам ағзасына өте пайдалы әсер етеді. Бұл бұлшықетті күшейту, жақсы физикалық белсенділік және қатаю. Мен ұлымның мектеп жанындағы лагерьге барып, әрдайым асыққанына өте қуаныштымын, - дейді 2-сынып оқушысы Бейфус Артурдың анасы Екатерина Михайловна.

Балалар-сауықтыру орталығы - бұл сауықтыруға, шығармашылық дамуға, оқушылардың әлеуетін ашуға арналған кеңістік.

- Лагерьде өте қызықты, көптеген байқаулар, акциялар өтіп жатыр. Маған әсіресе мектеп бассейнінде жүзу ұнайды, Нептун күні кезінде барлық жасақтар көңілді жүзіп, сүңгіп кетті, - дейді 3-сынып оқушысы Шультайс Оксана.

Жазғы демалыс - бұл демалу, денсаулықты жақсарту, таза ауада көп уақыт өткізу, көптеген әсер алу, жаңа достар табу мүмкіндігі.