ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас орындаушылардың қазақстандық әншімен концерті
12-07-2022 17:18
Жас орындаушылардың қазақстандық әншімен концерті

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 12 шілдесінде Әлімбаев атындағы мектептің стилобатында «Менің Павлодарым» атты мерекелік концерт өтті.

Концерт М. Әлімбаев атындағы мектептің, № 24, 25, М. Әуезов атындағы мектептердің дарынды оқушылары мен педагогтарының өнерінен басталды. Олардың орындауында қазақтың халық күйлері, қазақстандық әншілер, белгілі павлодарлық автор және орындаушы Серік Мұсалимовтың әндері шырқалды.

- Аталған іс-шара оқушылардың туған қаласының тарихын, өзінің талантты құрдастарын білу, атақты өнер адамдары үшін мақтаныш пен отаншылдықты қалыптастыру және сахнада атақты жерлес - әншілермен өнер көрсетуі мақсатында ұйымдастырылды, - дейді мектеп басшысының м. а. Оразбек Бахатхан.

Концерттік бағдарлама павлодарлық, композитор, әнші Серік Мусалимовтың өнерімен аяқталды. Оқушылармен бірге ол репертуарынан «Павлодар», «Менің Қазақстаным» әндерін орындап, фотосессияға қатысты.